Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Мешіт қызметкерлері марапатталды

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 09.10.2020 2851 0 пікір
Қарағанды: Мешіт қызметкерлері марапатталды

Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы «Әнет баба» мешітінің қызметкерлеріне алғыс хат табыстады.

Алдымен мешіттің іс басқаушысы қызметін адал атқарып келе жатқан Қанат Тұрпанұлына дін саласында атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді. Облыстық мешітте біршама жыл қызмет етіп, құлшылық ордасының кем-кетігін жөндеп, жыртығын жамап келе жатқан Қанат Тұрпанұлының еңбегі зор. 

Сондай-ақ, қасиетті Алла үйінде талай шәкірт тәрбиелеп, қазақтың қара көз қыздары мен ақжаулықты аналарына, әйелдер жамағатына рухани шаралар мен игілікті жобалар ұйымдастырып, асыл дініміздің жандануына ерекше үлесін қосып жүрген Арай Серғалиқызының ерен еңбегі ерекше. Осы орайда облыс бас имамы  «Әйел қыздар» секторының Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі әрі облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Арай Серғалиқызына да алғысын білдіріп, мадақтама қағазын табыстап, дін қызметкерлерінің алдағы сауапты қызметтеріне сәттілік тілеп, батасын берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру