Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Шемонаиха мешіті көпір салды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 09.10.2020 3097 0 пікір
ШҚО: Шемонаиха мешіті көпір салды

ҚМДБ-ның құрылғанына 30 жыл толуына орай «30 көпір» акциясының аясында «Шемонаиха аудандық мешіті» Шемонаиха қаласының орталығына жаяу адамдар өтетін көпір салып берді.

Салтанатты шараға аудан әкімдігі өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Ақ шашу шашылып, ізгі лебіздер айтылды. Жиында «Шемонаиха аудандық мешітінің бас имамы Ибрагим Еркінбайұлы:

«Діни басқараманың 30 жылдығына тарту ретінде қала халқының игіліне осы көпірді беріп салып беріп отырмыз. Бұл арықтан жаяу жүргінші өтуге қиындық тудыратын, тұрғындар ең көп жүретін жер болғандықтан осы орын әдейі таңдалды. Бұл іске мешіт жамағаттары, абзал азаматтар ат салысты. Дінімізде ең сауапты іс көпір салу делінген» деп айырықша атап өтіп, сауапты істің маңыздылығын саралай келе, көпірді қала басшылығына өткізіп берді.

Жиынға келген қарттарға мешіт атынан азық-түлік берілді. Қала тұрғындары мешіттің игі ісіне қолдау білдірді. Аудан әкімдігі мешітке және ат салысқан азаматтарға алғыс айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру