Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Таза әлем» республикалық акциясын жариялаған болатын. Осы акцияға Өскемен өңірінде қарқынды жүріліп, мешіттер барынша үн қосып жатыр.
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданының «Айыртау ауылдық мешіті» ауыл зиратына тазалық жасады. Тазалық жұмысында зираттардың арасына жиналған әртүрлі қоқыстар және адам жүруге қиындық келтіретін арам шөп тазартылды.
Тазалық шарасын ұйымдастырушылар: «Республикалық акцияға қолдау көрсетіп, ауыл зиратын тазалық жатырмыз. Дінімізде тазалық иманның жартысы деген асыл қағида бар. Бұл шараға ауылдың дін қызметкерлері белсенді қатысуда» деп атап өтті. Ауыл мешітінің игі бастамасына тұрғындар дән риза.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
furqan.kz
07.10.2020
3407
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру