Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Бекқожаның басшылығымен облыстық «Әнет баба» мешітінде діни оңалту тобына арналған облыстық семинар-тренинг өтті.
Семинар ҚМДБ Діни оңалту бөлімі меңгерушісі Қанат Алшынбаевтың онлайн байланысы арқылы жүргізілді. Жиынға Қарағанды облысына қарасты барлық аудан және қала имамдары қатысты. Семинарда жат ағым жетегінде кеткен жандармен жұмыс жөнінде әртүрлі мәселелер мен жоспарлар құрылып, талқыға салынды.
Жиын барысында 2013 жылдан бастап Қарағанды облысы бойынша оңалту жұмысын атқарып келген Мұхит Джаримбетов өзінің міндетін облыстық мешітке жаңадан келген наиб имам Асылхан Нартайұлына табыстады.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
22.09.2020
2707
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру