Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

260-үйдің кілті табысталды

Жамбыл облыстық Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі 14.09.2020 2434 0 пікір
260-үйдің кілті табысталды

ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жалақтөбе ауылының тұрғынына "Зекет" қорының "Ел үлесі – пәтерге" бағдарламасы аясындағы 260-үйдің кілті табысталды.

Баспаналы болған Омар Нұров есімді азаматтың үйі өртеніп кеткен еді. Төрт балаға жалғыз өзі қамқор болып отырған әкеге балаларымен қиын жағдайда қалғанда баспана сыйлап, көмек көрсеткені үшін күллі ауыл қуанды. 

Слтанатты шараға Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, мешіт имамдары мен ауыл тұрғындары қатысты. Көпшілік баспаналы болған отбасыға жылы лебіз білдіріп, шашу шашты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру