Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент мешіттеріне имамдар тағайындалды (ФОТО)

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 04.09.2020 3810 0 пікір
Шымкент мешіттеріне имамдар тағайындалды (ФОТО)

Бүгін, қасиетті жұма күні Шымкент орталық мешітінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйырығымен бірқатар мешіт имамдары жаңа қызметке тағайындалды.

Ресми таныстыру шарасына Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов Бас мүфтидің бұйрығын оқып, таныстырды.

Атап айтқанда, Шымкент қаласы Жастар секторының бұрынғы өкілі Азамат Әбдікерімұлы Шымкент қаласы бойынша іс басқарушысы болып тағайындалды.

Және Шымкент қаласы, Абай ауданындағы «Абдурахман» мешітінің бұрынғы бас имамы Исмайл Панов Әл-Фараби ауданындағы «А.Қаттани» мешітіне наиб имам болып тағайындалды. Ал «Абдурахман» мешітіне Шымкент орталық мешітінің бұрынғы найб имамы Нәзірхан Тасходжаев бас имам болып бекітілді.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы «Әл Біләл» мешітінің бас имамы қызметін атқарып келген Еркебұлан Қарақұлов ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің 1-ші наиб имамы болып тағайындалды. Ал оның орнына көп жылдық тәжірибесі бар, бірнеше аудандық мешіттің бас имамы қызметінде болған Қалдаров Берік Жақыпбекұлы Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық «Әл Біләл» мешітінің бас имамы болып тағайындалып, қызметіне кірісті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру