Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Bahandi Burger» сертификаттаудан өтуде

«Халал даму» 25.08.2020 3618 0 пікір
«Bahandi Burger» сертификаттаудан өтуде

Шымкент қаласындағы ірі фаст-фуд өндірушілердің бірі «Bahandi Burger» «ҚМДБ халал» сертификатын алуға ұсыныс білдірді.

«Халал Дамудың» директоры Айбек Аташев, бақылаушы инспектор Қазыбек Сарыбаев, бас технолог Айжан Омарова кәсіпорынның өндіріс цехында бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізіп, технологиясымен танысты.

Фаст-фуд өнімдерін дайындауда қолданатын ең маңызды шикізат көзі – ет пен нан өнімдері кәсіпорынның цехында дайындалады. Дайын өнім сату нүктелеріне жөнелтіледі. Қазіргі таңда «Bahandi Burger» фаст-фуд кәсіпорнының Шымкент қаласында 3 сауда нүктесі бар. Бақылау-қадағалау барысында «Bahandi  burger» fast-food  желісінің өндірісі мен өнімдері «ҚМДБ халал» стандарты талаптарына толықтай сай екені анықталды.

Аудит жұмыстарынан кейін «Bahandi Burger» басшылығы мен қызметкерлеріне халал өнім технологиясы, халал өнімдерді өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сатуға қойылатын стандарт талаптары, рұқсат етілген және тыйым салынған Е тағамдық қоспалары, халал стандарты бойынша тағамдық қызметтер ерекшелігі, шариғат және халал стандарт талаптарына сай мал сою және ет өңдеудің маңыздылығы жөнінде оқу-семинар өткізілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру