БҚО Жаңақала аудандық мешітінде үш жылдан астам бас имам қызметін атқарған Ерік Қонақбайұлы Сұлтановқа құрмет-қошемет көрсетілді.
Жаңақала халқы басқа қызметке ауысуына байланысты имамға құрмет көрсетіп, шығарып салды.
Аудан әкімі Наурызбай Қадырболатұлы Е.Қонақбайұлын жеке қабылдап, атқарған қызметіне ризашылығын білдіріп, қазақи салт-дәстүрге сай бас имамның иығына шапан жапты. Аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Ақан Болатұлы Ерік Сұлтановты «Алғыс» хатпен марапаттап, алдағы имандылық қызметіне береке тіледі. Мешіт ақсақалдары баталарын берді. Ерік Қонақбайұлы өз тарапынан Жаңақала жамағатына ризашылығын білдірді.
Ерік Сұлтанов – Ақтөбе өңірінің тумасы, отбасылы, екі қыздың әкесі, Нұр-Мүбәрәк университетінің 2016 жылдың түлегі, дінтану ғылымдарының магистрі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі
islam-oral.kz
13.08.2020
3488
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру