Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Онлайн дәрістер басталды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 11.07.2020 3061 0 пікір
Ақтөбе: Онлайн дәрістер басталды

Карантин кезінде жамағатқа имандылық тақырыбында насихат айтып, індеттің ілмегіне ілініп кетпесек екен деп үрейде жүрген халыққа үміт сыйлап, олардың көкейтесті діни сауалдарына жауап беру үшін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мешіттерде онлайн уағыздар айтуды қайта жандандыруды тапсырған болатын.

Осыған орай, шілде айында Ақтөбе өкілдігінің ұйымдастыруымен имам-ұстаздар муфтият бекіткен тақырыптар аясында аптасына 4 күн онлайн дәрістерді бастады. Әр аптаның дүйсенбі мен бейсенбі күндері аралығында жергілікті уақытпен сағат 19:00-де Инстаграм әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге шығады.

Мәселен, Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби қажы Оспан әр бейсенбі күні «Мұсылман мен мұсылманның қарым-қатынасы» тақырыбын әр қырынан тарқатуға тырысса, «Отбасы ғылымхалы» тақырыбында әр дүйсенбі күні Ақтөбе медресе-колледжінің директоры, РАНТ мүшесі Әбдімүтәлі қажы Қайназарұлы ерлі-зайыптылардың міндеттері, неке, талақ мәселесі т.б. тақырыптарда уағыз айтады. Сондай-ақ, сейсенбі күндері наиб имам Нұрбол Смағұлов «Фиқһ» дәрістерінен уағыз айтса, әр аптаның сәрсенбі күндері наиб имамы Қайрат Дәрменовтың «Ислам әдебі» дәрістерін тыңдай аласыздар.

Сонымен қатар «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Бекжан қари Амангелдіұлы 13 шілдеден бастап, мешіттің (@nur_gasyr) инстаграм парақшасында жергілікті уақытпен күн сайын 17:00-де онлайн Құран хатым оқуды бастайды.

Тікелей эфир «Нұр Ғасыр» мешітінің @nur_gasyr инстаграм парақшасында өтетіндігін еске саламыз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру