Елорда мерекесіне орай Шымкент орталық мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.
Шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, Қажылық бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Зекет» қорының жетекшісі Айбек Азимбаев қатысты.
Әлемде болып жатқан індетке байланысты жұмысынан және табысынан айырылған көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі 80 отбасының үйіне азық-түлік жеткізді.
Осындай игі шараға айрықша қолдау көрсеткен Шымкент қалалық жастар ісі секторының жетекшісі Анарғали Керімбековке және Абай, әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандық мешіттерінің бас имамдары мен ұжымына Алла Тағала разы болсын!
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
07.07.2020
2893
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру