Осыдан сегіз жыл бұрын жамағатқа есігі айқара ашылған «Әзірет Сұлтан» мешітінің биылғы мерейтойы 100 отбасыға жәрдем қолын созған қайырымдылық шарасымен өрнектелді.
Елорда күні мерекесі аясында өткен игі шараға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өзі қатысып, «Қайырымдылық керуенін» ақ батасымен шығарып салды.
Айта кетейік, «Қайырымдылық керуені» жобасы осыдан бірер жыл бұрын Бас мешіттен бастау алып, алғашқы сапарын да Наурызбай қажы Тағанұлының батасымен бастаған болатын. Содан бері сапары үзілмеген «Қайырымдылық керуенінің» қызметі карантин режимі тұсында тіптен жанданып келеді. Осы мақсатта Нұр-Сұлтан өкілдігі жанынан құрылған «Шарапат» еріктілер тобының бүгінге дейін атқарған жұмыстары да біршама.
Мереке қарсаңындағы мейірім шуағын мұқтаж жандарға жеткізуге де «Шарапат» еріктілер тобы белсене атсалысып, Елордамыздағы 100 отбасыға азық-түлік қорын үйлеріне апарып берді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muslim.kz
05.07.2020
5991
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру