Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Бір мезетте бір дұға жасалды

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі 29.06.2020 676 0 пікір
Маңғыстау: Бір мезетте бір дұға жасалды

Кеше Маңғыстау облысы мешіттері бесін намазынан соң дұға жасады.

Соңғы күндері жұқпалы індетке шалдыққан науқастардың саны көбейіп барады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Ауруларыңды садақа беріп емдеңдер» деген хадисіне орай өңір азаматтары бірігіп құрбандық шалып, 50-ден астам мұқтаж отбасыға үлестіріліп берілді.

Сонымен қатар осындай игі шара Бейнеу ауданында жалғасын тапты.

«Әлемді дүрліктірген жұқпалы індеттен көз жұмғандар мен ауруханаға түсіп жатқан науқастардың тым көбейіп кетуіне байланысты Жаратқаннан жалбарынып жамағатпен дұға жасауды өңір тұрғындары ұсынған болатын» дейді маңғыстаулық имамдар.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі