Халқымыздың әдет ғұрпында Ислам дінінен бастау алған құрбандық шалынып, тасаттық жасау дәстүрі бар. Ол, әсіресе, жауын-шашын аз болған кездері жүзеге асырылады. Мұны барша халық біледі әрі жан-жақты түсінеді.
Таяуда еліміздің астық мекені Қостанай өңірінде құрбандық шалынып, оған барлық мешіттердегі діни қызметкерлер имам-молдалар да атсалысты.
Ал құрбандық еті көмекке мұқтаж жандарға таратылды. Содан кейін шариғат талаптарына сай Алла тағаладан жауын тілеу намазы мен дұғасы оқылды. Нәтижесін елді мекендердегі халық сол мезетте-ақ сезінді.
Мұсылман бауырларымыздың тілектері қабыл болып, үстіміздегі жылы егілген тұқым бітік шығып, қамбамыз мол астыққа толсын. Диқандардың еңбектері жанып, ырыс-берекелері арта берсін» - деп бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы да өзінің дұғасына қосты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
17.06.2020
3488
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру