Биыл Қазақстан мұсылмандарының қара шаңырағы – муфтияттың құрылғанына 30 жыл толып отыр. Айтулы мерекеге байланысты Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бекітуімен жоспарлы түрде бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Соның бірі – ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай республика аумағында «30 000 түп ағаш отырғызу» акциясын діни басқарма қолға алған болатын. Акция аясында Ақтөбе облысындағы мешіттердің ұжымы жамағаттың қолдауымен мешіт аулалары мен көшелерге 862 түп әртүрлі тал отырғызды. Нақтырақ айтқанда, шара барысында 20 түп қайың, 335 түп терек, 79 түп шырша, 37 түп қаратал, 69 түп көшет, 50 түп тал және 272 түп жеміс ағашы егіліп, арнайы тақтайша орнатылды.
Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөз бар. Дініміз бойынша да ағаш пен жеміс ағаштарын егу – сауапты іс. Егілген жеміс ағашының жемістерін тек адам ғана емес, жәндіктер мен құстар да жесе, сауап болады. Осындай игі іске атсалысқан барша ақтөбелік жамағатқа алғыс білдіреміз.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
16.05.2020
2915
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру