Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінен Мақтарал жұртының басына түскен қиындықты бөлісу мақсатында қайырымдылық керуені жолға шықты.
Сауапты шараны «Зекет» корпоративтік қоры, «Жастар ісі» секторы, қала мешіттері мен «Газель қауымдастығы» ұйымдастырды. Гуманитарлық көмек шарасына кәсіпкер азаматтар мен қарапайым тұрғындар үлес қосып, бес жарым тоннадан аса киім-кешек, гигиеналық заттар, күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар жиналды.
Бас имам Өмірзақ қажы Бекқожа сапарға шығатын керуенге батасын беріп, игі шараға атсалысқан азаматтарға ізгі ниетін жеткізді. Облыс орталығынан сапарға шыққан гуманитарлық көмекті «Газель-Қарағанды» қауымдастығының жетекшісі Жеңіс Жомартұлы бастап барады.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі
15.05.2020
3203
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру