Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: «Рамазан сыйы» қайырымдылық керуені жалғасады

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі 03.05.2020 3161 0 пікір
БҚО: «Рамазан сыйы» қайырымдылық керуені жалғасады

Бөрлі аудандық мұсылмандар мешіті және «Берекелі жамағат» қайырымдылық қоры айлардың сұлтаны Рамазан айының құрметіне орай «Рамазан сыйы» қайырымдылық керуенін ұйымдастырды.

Қайырымдылық керуені аясында Бөрлі ауданының шалғай жатқан Қанай, Бөрлі, Бумакөл, Приуралье, Жарсуат ауылдарының 50 отбасына азық-түлік салынған сөмкелер таратылды. Әр сөмкеде құрма, күнбағыс майы, ұн, картоп сынды күнделікті тұтынатын азық-түлік түрлері қамтылды. Осы аптадағы «Рамазан сыйы» қайырымдылық керуеніне 300 мың теңгедей қаражат жұмсалған.

«Ислам дініндегі басты құндылықтардың бірі – қайырымдылық. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» – деген. Қайырымдылық жасау біздің рухани дүниемізді жақсартып қана қоймай, сонымен бірге, қоғамды да жақсы жағына қарай өзгертеді. Сондықтан, мұсылман баласы қасиетті айда барынша қайырымдылық жасап, жағдайы төмен отбасыларға қол ұшын созуы үлкен сауап» - дейді Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы Қанат Жакенов.

Қол ұшын сұраған әрбір адамға көмек көрсету, жақсылық істеу – Рамазанда сауабы еселенетін көркем істерден. Аудандық мешіт тарапынан қайырымдылық істері алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру