Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің ұйымдастыруымен онлайн форматында тікелей желіде насихат айтты.
Бас имам өз сөзінде ҚМДБ қабылданған рухани тұғырнама «Жеті рухани қазық» құжатындағы құндылықтарға тоқталып, аталған тұғырнамадағы отаншылдық, ар, иман, білімділік, мәдениеттілік, қатарлы адам бойынан табылуы тиіс қасиеттер жайлы кеңінен баяндап өтті. Әсіресе осы рухани тұғырнамадағы отаншылдыққа тоқталған Ермек Қасболатұлы қоғамдағы көлеңкелі көріністің бірі сыбайлас жемқорлыққа жан-жақты зияны талдау жасады.
«Асыл дініміз Исламда жемқорлықты барынша айыптаған. Өкілдік жанынан құрылған Жергілікті ақпараттық насихаттық тобы қазіргі таңда қоғамның барлық саласына сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат, уағыз айтып, бұл бағыттағы шараларға атсалысуда» деді Ермек Қасболатұлы. Сонымен қаатр өкілдік тарапынан осы салада құқық қорғау орындарымен бірқатар бірлескен шаралар ұйымдастырылып отырғандығын да жеткізді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
30.04.2020
2669
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру