Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ЗЕКЕТ» ҚОРЫ ӨТІНІШТЕРДІ ОНЛАЙН ТҮРДЕ ҚАБЫЛДАЙДЫ

ҚМДБ "Зекет" қоры 30.04.2020 4319 0 пікір
«ЗЕКЕТ» ҚОРЫ ӨТІНІШТЕРДІ ОНЛАЙН ТҮРДЕ ҚАБЫЛДАЙДЫ

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты ҚМДБ-ның «Зекет» қоры көмек сұрау турасындағы өтініштерді онлайн түрде қабылдауда. Электронды құжат қордың ресми zeket.online сайты арқылы қабылданады.

Көмекке мұқтаж болған адам сайтқа кіріп, анкета толтырады. Берілген деректер қор базасында сақталып, пайдаланушы кезек тізіміне енгізіледі.

Онлайн өтінішті қиын жағдайға тап болған кез-келген өңір тұрғыны жібере алады. Кейін қабылданған өтініштер сараланып, жіберушінің мекен-жайына қарай «Зекет» қорының өңірдегі өкілдеріне жіберіледі. Көмек тізімге сәйкес көрсетілетіні ескертілді.

Сондай-ақ «Зекет» қоры тек шын мәнінде қиын жағдайда қалған жандардың өтініш жіберуін сұрайды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру