Құран айының сауабы тек ораза ұстаумен шектелмейді. Рамазанда әрбір саналы пенде Алладан жарылқау мен кешірім тілеумен бірге, ізгі де игі істерімен сауабын арттырып, иманын күшейткені абзал.
Бас мүфти барша дін қызметкерін төтенше жағдай кезінде қайырымдылық іс-шараларын өрістетіп, жақсылық жасауға үндеген болатын. Осыған орай Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби қажы Оспан бастаған жергілікті дін өкілдері үндеуді қолдап, қайырымдылық акциясын кеңінен өрістетіп келеді.
Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Жастар секторының жетекшісі Шынболат Әлімқұлұлының ұйымдастыруымен, игі іс қанат жайды. Облыс орталығының тұрғындарына көшелерде, аялдамаларда 500 дана бетперде тегін таратылды.
Мұндай ізгі қадамға Мұғалжар ауданы, Ембі қаласының тұрғындары да куә болды. Қалалық «Нұр» мешітінің имамы Нұрсұлтан Тұрсынқұловтың ұйытқы болуымен ембіліктерге 250 дана бетперде тегін берілді. Айта кетейік, Наурызда «Нұр» мешітінің атынан 100-ден астам бетперде тегін таратылған еді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
28.04.2020
2608
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру