Нұр-Мүбарак университетіндегі «Білім-Қазына» қоғамдық қорының қолдауымен Тәрбие істері және әлеуметтік даму департаментінің маманы Гульвира Заурбекова «Шебер» тігін үйірмесінің ерікті қыздарымен маска тігу жұмыстарын жүзеге асыруда.
Үйірме еріктілері екі күннің ішінде 200-ге жуық маска тігіп шықты. Оның 100-ге жуығын Нұр-Мүбарак университетінің қызметкерлері арасында тегін таратып үлгерді. Г.Заурбекова халықты коронавирус індетімен бірге күресуге шақыра отырып, маска тігу жұмыстары әрі қарай жалғаса беретіндігін хабарлады.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
nmu.kz
18.04.2020
3596
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру