Күні кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен онлайн брифинг өткен болатын. Осыған орай, Жамбыл облысының имамдарына арналған онлайн мәжіліс өтті.
Облыстың жаңа бас имамы Бейбіт Әліпбекұлының алғашқы онлайн жиналысына наиб имамдар, қала және аудан имамдары қатысты.
Жиында келе жатқан қасиетті Рамазан айын өткізу шаралары талқыланды. Атап айтқанда, ораза айының кестесі енді әлеуметтік желілерде, сондай-ақ бүктеме қағаз түрінде де халыққа қол жетімді болмақ. Халықты коронавирустан қорғау мақсатында көпшілікке ауызашарлар жасауға шектеу қойылды. Әркім ауызашар мен тарауих намазын өз үйінде өткізетін болды. Егер тұрғындар осындай сақтық шараларына қатаң мән берсе, пандемияның тездетіп жойылуына, таралмауына сеп болмақ.
Жиында имамдар тарапынан ұсыныстар айтылып, сауалдар да қойылды. Талас ауданының бас имамы Нұрсұлтан Алиевтың «ауызашардың орнынына мешіт асханасында тамақ дайындап, жағдайы мүшкіл отбасыларға ауызашар ретінде таратайық» деген ұсынысын бас имам қолдады. Карантин уақытында қайырымдылық шараларын көбірек ұйымдастырып, мұқтаждарға қолғабыс болу мәселесі жоспарға қойылды.
Дін мамандарына бірқатар жаңа тапсырмалар беріліп, нақты міндеттер жүктелді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі
asyldin.kz
15.04.2020
3446
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру