Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: 2000 дана кітапша тегін таратылды

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 07.03.2020 2582 0 пікір
Ақтөбе: 2000 дана кітапша тегін таратылды

ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай Ақтөбе өкілдігінің бастамасымен игілікті іс қолға алынды. Биылғы «Еріктілер жылы» жергілікті жас жамағаттың қолдауымен Ақтөбе қаласындағы сауда орындарында «Адал сауда жұмаққа жеткізеді» деген кітапшаның 2000 данасы тегін таратылды.

Сол кездегі Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің дінтану сараптамасының оң қорытындысы берілген кітапша барша оқырман қауымға арналған. Онда бизнесті дамытып, сауда-саттық саласында адал табысын көбейтуді көздейтін адамдар үшін аят-хадиске негізделген құнды кеңестер берілген.

Хадисте: «Ең таза және адал табыс – сауда жасайтындардың табысы. Олар сөйлеген кезде өтірік айтпайды, өздеріне бір нәрсе аманат еткен кезде аманатқа қиянат жасамайды. Уәдеге берсе, уәделерінен таймайды, сатып алған кезде затты жамандамайды, сатқан кезде тауарды орынсыз мақтамайды, қарызданған кезде қарыздарын кешіктірмейді. Алажақ болған кезде қиындық тудырмайды», - деп жазылған. Сондықтан саудаға қатысты Ислам үкімдерін үйреніп, білім алу – әрбір мұсылманның парызы. Ал адал сауда адамдардың арасындағы қарым-қатынасты түзейтіні анық.

Орталық базардағы, «Табыс» және Шығыс базарларындағы, әртүрлі сауда орындары мен дүкендерде тегін таратылған «Адал сауда жұмаққа жеткізеді» кітапшасынан халыққа қызмет көрсететін ақтөбеліктер маңызды мағлұмат алып, күнделікті саудада адал мен арамның аражігін ажыратып отыруына септігін тигізері сөзсіз.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла өзінің еңбегімен күн көрген құлын жақсы көреді» деп айтқандай, мұсылман қауымы үшін адал саудамен айналысу – мақтаулы іс. Белгілі бір кәсіпті бастағанда, сауда-саттыққа қатысты шариғат үкімдерінің де ескерілгені ләзім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру