Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамдары тағайындалды (ФОТО)

ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі muslim.kz 28.02.2020 631 0 пікір
«Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамдары тағайындалды (ФОТО)

Бүгін, қасиетті жұма күні республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұжымы қос бірдей білікті қызметкермен толықты.

Жұма намазына жиылған жамағатқа «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов бекітілген жоспар бойынша «Адамға алғыс айтпағанның Аллаға шүкірі жоқ» тақырыбындағы уағызынан соң бүгінгі күннің жаңалықтарын хабардар етті.

Бас мешіт жамағатына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын жеткізіп, Ерболат Нұрылдаұлы қос қызметкер жайлы қысқаша таныстырып өтті. Елорда жамағатына бұрыннан таныс Дінмұхаммед Сманов пен Естай Абдығалиевтардың дін саласындағы жетістіктеріне тоқталып, жаңа жұмыстарына сәттілік тіледі.

Дінмұхаммед Абдужаппарұлы Сманов

1985 жылы 19 қазанда Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауылдық округінің Ынтымақ ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, дінтану магистрі.
1991-2002 жылдары Ынтымақ ауылындағы С.Майлықожа атындағы орта мектепте білім алған.
2003-2005 жылдары Алматы қаласындағы Сұлтанқорған мешітінің Құран Кәрім курсын тәмамдаған.
2007-2009 жылдары Сауд Арабиясы корольдігіндегі Араб тілі институтында білім алған.
2009-2013 жылдары Сауд Арабиясы корольдігіндегі «Ислам» университетінің Шариғат факультетін үздік дәрежемен аяқтаған.
2015-2017 жылдары Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің Дінтану мамандығы бойынша магистр дәрежесін қорғаған.

2015-2017 жылдары Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Науан Хазрет мешіті наиб имам қызметін атқарған.
2015-2017 жылдары Ақмола облысында теолог қызметін атқарған.
2017 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі күнге дейін ҚМДБ-ның «Әзірет Сұлтан» мешітінде ұстаздық қызметте.

2017 жылдан бастап Астана қаласы әкімдігінң жанынан құрылған жергілікті ақпараттық-түсіндіру  тобының (ЖАТТ) мүшесі.
2019 жылдан бастап  ҚМДБ-ның жанынан құрылған Республикалық ақпараттық насихат тобының (РАНТ) мүшесі.
2019 жылдан бастап ҚР АҚД  Дін істер комитетінің  жанынан құрылған өңірлік дін мәселелері  жөніндегі ақпараттық- түсіндіру тобының (РАТТ)  мүшесі.

Естай Айтуғанұлы Абдығалиев 

1995 жылы 18 қаңтарда Қарағанды облысы, Шет ауданы, Жұмыскер ауылында дүниеге келген.
2001-2012 жылдары  Қарағанды облысы, Шет ауданы, Жұмыскер ауылындағы орта мектепті бітірген.
2012-2015 жылдары Нұр-Сұлтан қаласындағы «Нұр Астана» медресесінде діни сауат ашқан.
2016-2019 жылдары Қарағанды Мемлекеттік университетінде «Дінтану» мамандығы бойынша білім алған.

2015 жылдың маусым-желтоқсан айларында Қарағанды облысы, Саран қаласының мешітінде ұстаздық қызмет атқарған.
2016-2018 жылдары Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ростовка ауылындағы «Балкен ана» мешітінің бас имамы болып жұмыс атқарған.
2018-2020 жылдары Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ырыскелді қажы» мешітінде наиб имам қызметін атқарған.
2020 жылдың 28 ақпанынан бастап республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы қызметінде.

2015 жылы ҚМДБ Қарағанды өкілдігінің «Жыл ұстазы» атағымен марапатталған.
2017 жылы Қарағанды облысы имамдары арасында өткен «Нұрлы мінбер» сайысының бас жүлдегері атанған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі