Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Дін мамандары резерві жасақталады

Атырау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 18.02.2020 2570 0 пікір
Атырау: Дін мамандары резерві жасақталады

Атырауда дін мамандары резервін жасақтаудың жаңа жобасы басталды. Қаладағы орталық «Иманғали» мешітіне қарасты Қайырымдылық мекемесінде облыстың 7 ауданы және қаладағы мешіттердің жолдамасымен келген шәкірттер дәріс алып жатыр.

«Шәкірттерге білікті ұстаздар бір ай бойына ақида, фиқһ, сира, тәжуид, жаназа үкімі сынды тақырыптар бойынша дәріс жүргізеді. Және осы аралықта Құран оқуды үйреніп шығуға мүмкіндік бар. Біздің басты мақсатымыз – жат идеологияның алдын алу. Дәстүрлі дінімізді дәріптеу және кадр мәселесін шешудің жолын қарастыру. Бір айлық курсты аяқтаған мамандарға сертификат беріледі. Ол сертификат арқылы шәкірттер имамдардың екі айлық курсын оқи алады. Немесе медресеге түсіп, білімін шыңдауға мүмкіндік бар. Осылайша, біз аймақта діни мамандар резервін қалыптастыруды көздеп отырмыз» дейді Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Айта кетейік, бұл жерде шәкірттер бір айы бойы тегін білім алады. Олардың жатын орны, тамақтану мәселесі түгел қамтамасыз етілген.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру