Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Құран курсы басталды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 09.02.2020 2962 0 пікір
ШҚО: Құран курсы басталды

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде өкілдікке қарасты аудан, ауыл имам-молдаларымен ауылдық өңірлердегі молдалық қызмет атқаруға бейімді азаматтардың білімін жетілдіру мақсатында Құран курсын басталды.

Екі апталық оқытуға қазіргі таңда 40-тан астам діни мамандар мен жамағат қатысып, Құран, ақида ілімі бойынша білім алып жатыр.

Оқу курсы туралы Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бірінші наиб имамы Дәулет Қабидолдин:

«Имам-молдалыққа үміткерлердің біліктілігін арттыру, тәжірибесін шыңдау – бүгінгі таңдағы іргелі міндеттердің бірі. Курсқа қамтылғандарға біліктілігі жоғары ұстаздар шариғат негіздерінен Құраннан, ақидадан дәріс береді» деп атап өтіп, олардың жатар орынмен және күніне 4 мезгіл ас-сумен толық қаматамасыз етілгенін айтты.

Одан бөлек, қажетті оқу құралдары беріліп, кітапхана, оқу сыныптармен жатақханаға дейін ғаламтор жүйесіне қосылып, барлық мүмкіндік қарастырылғандығын жеткізді.

Білім алушыларды мешіт тарапынан демалыс уақыттарында Өскемен қаласындағы мұражай, кітапханаларымен және қаладағы мешіттермен таныстыру шарасы да қарастырылған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру