Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Бас имам Қарттар үйіне барды

http://islam-atyrau.kz/ 25.12.2019 3233 0 пікір
Атырау: Бас имам Қарттар үйіне барды

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Қарттар үйіне барды.

Қартайған шағында тағдырдың тәлкегіне ұшыраған қамкөңіл жандармен кездескен бас имам Алтынбек Ұтысханұлы елдегі ахуал, дін мәселесі тақырыптарында уағыз айтты.

«Дінде проблема жоқ. Оны проблемаға айналдырып отырған өзіміз. Бүгінде дінімізді ділімізбен, ұлттық құндылықтарымызбен бірге насихаттау маңызды. Сонымен бірге, еліміздің бірлігі, мемлекетіміздің тұтастығы үшін дұғада болуымыз керек. Мемлекетіміз жетімін де, жесірін де жылатпай, әр кез қамқорлығында ұстап келеді. Дініміздің дамуына да бар жағдай жасалуда» деп атап өтті Алтынбек Ұтысханұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру