Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Үздік имамдар марапатталды

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі 24.12.2019 2651 0 пікір
Қарағанды: Үздік имамдар марапатталды

Қарағанды облысы дін істері басқармасының мәжіліс залында жылды қорытындылаған дәстүрлі жиын өтті.

Алқалы отырысқа діни, қоғамдық бірлестіктердің басшылары, дін мәселелері жөніндегі облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, басқарма қызметкерлері қатысты. Жиын барысында басқарманың биыл атқарған жұмысы талқыланып, келер жылғы жоспары жайында сөз өрбіді. Өз пікірін еркін білдірген азаматтық қоғам мүшелері жыл бойы істелген жұмысты талдап, өз ұсыныстарын айтты.

Іс-шара дін саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттық қолдау және қоғамда радикал идеологияға мүлдем төзбеушілік қалыптастыру жұмысында жыл қорытындысы бойынша үздік деп танылғандарды марапаттау рәсімімен жалғасын тапты.

Лайықты құрметке бөленген марапат иелерінің қатарында, қажырлы еңбектері үшін алғыс алған азаматтар мешіттің діни қызметкерлері Нұржігіт Мұсабеков, Талғат Илмеев, Жанболат Хушкелдиев, Бейбіт Жансарин имамдарға абыройлы қызметтеріне сәттілік пен береке тілейміз!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру