Шу аудандық "Төле би" мешітінің жамағаты Тараз қалалық "Кеңесхан қажы" мешітінің бас имамы Ғазиз Ахметпен жүздесті.
Шу ауданының бас имамы Аят қажы Дыбысұлының шақыртуымен белгілі исламтанушы Ғазиз Ахмет ұстаз Шу аудандық "Төле би" мешітіне арнайы келді. Аудан имамы көпшілік алдында мейманды таныстырды. Содан соң Ғазиз ұстаз мінберге шығып, ата-ананың қадірі жайлы уағыз-насихат айтты.
Сонымен қатар, аталған мешітте шам мен құптан намазы арасында дұғаның қабыл болу шарттары жайында уағыз өрбіді. Мешітке келген жамағат сұрақ қойып, тұщымды жауап алды. Жүздесу соңында Аят қажы Дыбысұлы арнайы келген мейманға рақмет айтып, тілегін жеткізді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі
18.12.2019
3248
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру