Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешіт жамағаты спорт сайысына қатысты

http://sunna.kz/ 13.12.2019 2568 0 пікір
Мешіт жамағаты спорт сайысына қатысты

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз ел» атты шара ұйымдастырылды.

Онда арқан тартыс, бұқа тартыс, зіл көтеру сияқты сайыстар өткізілді. «Туған ел – әр адамның түп қазығы» тақырыбында жұма уағызын тыңдап, жұма намазын өтеп шыққан соң жамағат арасындағы белгенділер додада бақ сынады.

Жарысқа қатысушылар ризалық білдіріп: «Сайыстар өте қызықты өтті. Жамағаттың ынтымағы мен бірлігін арттыратын осындай жарыстар жиі болып тұрса екен» деген тілегін айтты. Жарыс соңында бас имам Бауыржан Есмахан қатысушыларға алғыс айтып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру