Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Аллаға мадақ, Пайғамбарға салауат айтылды

Талдықорған өңірі өкілдігінің баспасөз қызметі 11.12.2019 278 0 пікір
Талдықорған: Аллаға мадақ, Пайғамбарға салауат айтылды

Талдықорған өңірі Еркін ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен «Грант Хол» мейрамханасында екі дүниенің сардары, Мұхаммед пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құрметіне арналған Мәуліт кеші өтті.

Салауат айтуға жиналған Жетісу жұршылығының Пайғамбарға деген құрметі сондай, 350 орынды мейрамхана дастарқанына 500-ден астам жамағат жиналып Аллаға мадақ, Пайғамбарға салауат оқыды.

Өңірдің бас имамы Ардақ қажы Нүсіпханұлы жиналған жамағатқа әсерлі де тартымды уағыз айтып, қайырымдылық шарасы үшін ашылған «Жақсылықта жарысайық» тобының белсенділерін марапаттады. Сонымен қатар, арбаға таңылған мүмкіндігі шектеулі жандарға қуаныш дәнін сеуіп, арбаларды сыйға тартты.

Шара соңында, жамағат атынан ізгі тілектер айтылып, Мәулітті ұйымдастырушыларға рахмет айтысып тарқасты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі