ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Зекет» қорының ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде көпбалалы 100 отбасыға азық-түліктің қайырымдылығы жасалды.
Қайырымдылық көмегін тарату шарасында «Зекет» қоры бойынша өкіл Аманбол Қуатұлы: «Тұрмысы төмен отбасыларыға көмек ретінде азық-түлік қайырымдылығын жасап отырмыз. Өңірдің «Зекет» қоры көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсету бағытында жүйелі шаралар атқарып келеді» деді.
Ол өз сөзінде қайырымдылыққа аса маңыз беріліп отырғанын жеткізе келе, қайырымдылық жасау ҚМДБ-ның негізі бағыттарының бірі екенін атап өтті. Қайырымдылық шарасына қамтылған отбасылар өз ризашылығын жеткізді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
06.12.2019
3205
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру