Қарағанды дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Қарағанды, Теміртау қалаларында облыс имамдарына арналған семинар өтті. Семинардың мақсаты – имамдарымыздың діни уағыз айтуда біліктілігін арттыру.
Семинарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі Хамзат Қажымұратұлы арнайы келіп дәріс оқыды.
Соңғы кезде дін ісіндегі өзекті мәселелердің бірі – дін қызметкерінің қоғамдағы статусының арттыру. Бұл имамның сапалы діни уағыз жүргізуіне тікелей байланысты. Семинар екі бағытта жүзеге асты.
Біріншісі, имамның, соның ішінде уағызшының тұлғалық келбеті, сондай-ақ уағызға деген жауапкершілігі, өжеттілігі, мәліметіндегі шыншылдығы, жамағатпен етене араласуы, сыртқы көрінісіндегі тартымдылғы мен үлгілі өнегесі т.б имамның бойында табылуы тиіс сипаттар жайында әңгіме қозғалды.
Екіншісі, уағызшыға тән қабілеттер мен игеруі тиіс ілім түрлері жайында сөз болды. Атап айтқанда, діни білім жүгі, тақырыпқа сай әсерленуі, тілдің тазалығы, діни оқулықтардан өзге оқуы тиіс әдебиеттер, дауыс интонациясы, тыңдаушылардың деңгейіне сай сөйлеу, уағызға көмекші құрал болатын мимика, жестикуляция және т.б уағызды сауатты жеткізуге байланысты тәсілдер кеңінен түсіндірілді.
Семинар соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
27.11.2019
3230
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру