Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Пайғамбарымызға 1 000 000 салауат» жобасы басталды

ummet.kz 12.11.2019 3499 0 пікір
«Пайғамбарымызға 1 000 000 салауат» жобасы басталды

Барша мұсылманның жүрек төрінен орын алған сүйікті Пайғамбарымыздың (ﷺ) туған айын ерекше құрметпен қарсы алу игі дәстүрімізге айналғаны белгілі. Осы айдың құрметіне «Нұр Астана» мешітіне қарасты Ummet.kz сайты «Пайғамбарымызға 1 000 000 салауат» атты тың жобаны іске қосты.

Пайғамбарымыз (ﷺ): «Салауатты көп айтқан адам Қиямет күнінде маған ең жақын адам болады» деген. Сондықтан Ummet.kz сайты барша қазақ болып бірауыздан, бір мезгілде салауат айту арқылы Алланың мейіріміне, Пайғамбарымыздың (ﷺ) сүйіспеншілігіне бөленуге шақырып отыр. Бұл амал салауат айтуға атсалысқан әр адам сауапты амалға тамшыдай үлес қосса деген ниеттен туындап отыр.

«Пайғамбарымызға 1 000 000 салауат» жобасы туралы толық ақпаратпен осы жерден танысуға болады.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру