Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: ЖАҚСЫҒА ҚЫЛҒАН ЖАҚСЫЛЫҚ, ӨМІРІҢДЕ ТОЗБАЙДЫ

Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек аудандық мешітінің баспасөз қызметі 26.10.2019 3416 0 пікір

Жәнібек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен мұқтаж жандарға қол созуды, мүмкіндігінше баспаналы болуға жәрдем беруді мұрат тұтқан «Харекет» қайырымдылық қорының құрылғанына 2 жыл толуына орай шағын футболдан аудандық турнир өтті. Жарысқа Талов, Борсы, Қамысты ауылдық округінің командалары қатысты. Ашылу салтанатында сөз алған аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Есенболат қажы Абдуғалиев, Батыс Қазақстан облысы «Харекет» қайырымдылық қорының директорының орынбасары Нұрсұлтан Қабаев сөз сөйледі.

«Харекет» қайырымдылық қоры 2017 жылы құрылған болатын.Содан бері халықтың демеуімен мұқтаж жандарға, жетім-жесірлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалы, жалғызбасты аналарға үй немесе жер телімін сатып алып беруде.

Жарыстың қорытындысы нәтижесінде I, II, III орындарды сәйкесінше Қамысты, Талов, Борсы ауылдық округтерінің командалары марапатталды. Жарысқа қатысу жарнасынан жиналған қаражат қайырымдылық қордың есепшотына аударылды.




Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру