Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Мұғалжар
гуманитарлық-техникалық колледжінде аудандық «Нұртай» мешітінің бас имамы Әсемхан Ергазиннің «Дін және жастар»
тақырыбында кездесуі өтті. Студенттермен
жүздесудің негізгі мақсаты: қазіргі жастардың арасында діни сауаттылықты арттыру
және қазақ халқының төл салт-дәстүрі мен асыл дініміздің өзара сабақтастығын
түсіндіру болды.
Әсемхан Бақтиярұлы,
ең алдымен, ата-анамен, ұстазбен және қоғаммен өзара қарым-қатынасы болуының маңыздылығын
айтып, осы байланыстардың берік болуының шарттарын түсіндірді. Сонымен бірге оқушыларға
ата-ана мен ұстаздың айтқанын тыңдау парыз екенін, ал тиянақты білім жарқын
болашаққа бастайтынын тілге тиек етті.
Сондай-ақ, дін өкілі жат ағымдардан, ғаламтордағы алданыш ақпараттан қорғайтын бірден-бір иммунитет те – осы білім екенін атап айтты.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
26.10.2019
2818
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру