Ислам діні бойынша науқасты зиярат ету (яғни көңілін сұрау) – сүннет. Адамгершілік қағидасына сүйенсек те, бұл ұлты мен ұлысына қарамай мәдениеттілікке жатады. Бүгін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы әрі «Жастар ісі» секторының өкілі Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы және ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет» қорының өкілі Джаримбетов Мұхит Михайлұлының ұйымдастыруымен рухани-қайырымдылық шара жүзеге асты. Ізгі шара Қарағанды облыстық балалар клиникалық ауруханасында болып өтті. Облыстық мешіттен келген дін қызметкерлері балалардың жанына демеу болып, жүрекке жылу сыйлар ізгі тілектері мен баталарын берді.
Сондай-ақ, жас жеткіншектердің көңіліне медеу мен қуаныш сыйлау мақсатында әртүрлі сыйлықтар мен тәттілерін табыс етті. Кездесу соңында аталмыш мекемеде Құран бағышталып, дұға оқылды.
Облыстық мешіт тарапынан атқарылған қауырымдылық шарасына аурухана қызметкерлері мен ем алушы жеткіншектер үлкен алғыстарын жеткізді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
17.10.2019
2923
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру