Бүгін Талдықорған қаласының Салтанат сарайында ІІ облыстық дінтанушылар және діни бірлестік жетекшілерінің форумы болып өтті.
Форумға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі Әзілханов Марат Алмасұлы, облыс әкімі орынбасары Байжұманов Батыржан Құлаймергенұлы, ҚМДБ-ның "Халықаралық қатынастар және хаттама" бөлімінің меңгерушісі, исламтанушы Оңғаров Ершат Ағыбайұлы, ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы, дінтанушы-ғалымдар, аудан-ауыл имамдары, шіркеу жетекшілері қатысты.
ҚМДБ-ның "Халықаралық қатынастар және хаттама" бөлімі меңгерушісі Оңғаров Ершат Ағыбайұлы форумда баяндама жасады. Форум жұмысының нәтижесі бойынша үндеу қабылданды.
Сондай-ақ, форумда "Үздік дін қызметкері" және "Үздік ғибадатхана" номинациялары бойынша облыс әкімі Амандық Батталовтың атынан дін қызметкерлеріне дипломдар және алғыс хаттар табыс етілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Taglym.kz
16.10.2019
3817
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру