Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Өкіл имам ғылыми-танымдық конференцияға қатысты

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 16.10.2019 2292 0 пікір
Қызылорда: Өкіл имам ғылыми-танымдық конференцияға қатысты

Биыл қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан ақын, драматург, прозаик, ғалым, Сыр перзенті Әбділда Тәжібаевтың туғанына 110 жыл толып отыр.

Осыған орай еліміздің аймақтарында ақиық ақынға арнап түрлі іс-шаралар өткізілуде. Солардың бірі - Қызылорда облысы, Шиелі ауданында өткен «Жыр – ғұмыр» атты ғылыми-танымдық конференция.

Қазақстан Республикасының халық жазушысын, ғалым-сыншыны еске алуға орай ұйымдастырылған шараға ақынның келіні Гүлжаһан Ибрагимқызы, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы, Шиелі ауданы әкімі Әшім Оразбекұлы және Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Бақыт Сарбалаев пен Ергөбек Сәрсенұлы, «Үркер» журналының бас редакторы Қуандық Түменбай, Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» Ағайдар Ысымұлы, облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының басшысы Нұржамал Ахметқалиқызы қатысты.

Конференцияда абыз Ә.Тәжібаевтың өнегелі өмір жолы мен шығармашылығына тоқталып, саналы ғұмырын қазақ жырының мәртебесі мен абыройына арнаған әдебиетші туралы, оның ұлт дамуына қосқан үлесі хақында кеңінен баяндалды.

Сонымен қатар, игі шараға арнайы шақыртылған қонақтар Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» Махамбетқали Тұрсанұлының «Сырдың бас ақыны» атты кітабының тұсаукесер рәсіміне қатысты.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру