Кеше Орал облыстық «Орал» орталық мешітінің ұйымдастыруымен қаладағы «Достық» үйінде «Ысырап-мұсылманға кесапат» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
Оған ҚМДБ-ның қызметкерлері, БҚО дін істері басқармасының басшысы Мақсат Раманқұлов, облыстық мешіттің «Ақсақалдар» алқасының мүшелері, медресе ұстаздары мен шәкірттері және БАҚ өкілдері қатысты.
Алдымен ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Мұратбек қажы Қыстаубаев аталмыш тақырып бойынша баяндама жасап, жиналған қауымға кеңінен түсіндіріп, облыс әкімінің назарында екенін айтып, осы мәселеге үлкен мән беріп, насихат жұмыстарын жандандыруды баса жеткізді.
Одан кейін дін істері басқармасының басшысы Мақсат Раманқұлов осы тақырып бойынша мемлекет заң жобаларын қабылдайтынын айтса, ҚАЗИИТУ-нің профессоры Сайлау Сүлейменов қазіргі уақытта ысырап жасап жатқан адамдар жетерлік, білім ордасындағы болашақ әкелер мен аналарға кеңес беріп, ардақты пайғамбарымыздың өнеге істерін айтып, бойына сіңіртіп, хадистерді кеңінен қолданатының жеткізді.
Облыстық «Ақсақалдар» алқасының орынбасары Ғұмар қажы Құрақов шаһар шетіндегі зираттар зәулім үй секілді. Зәулім үй етпей, соған жұмсалған қаржыны пайдалы, қайырлы істерге жұмсаса нұр болар еді. Алланың үйіне келіп, дін мамандарынан сұрап жатса, қуанамын,-деп өз пікірін білдірді. Орал орталық мешітінің наиб имамы Бақытжан Құралбайұлы садақа турасында сөз қозғап, дастархан мәзіріне тоқталды.
Аталған рәсімдерді ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің XV отырысында қабылданған «Жаназа һәм жерлеу рәсімдері» пәтуасының аясында жүзеге асыру және осы ретте ҚМДБ бұйрығымен бекітілген арнайы дін мамандарының қызметіне жүгіну мәселелері сөз болды.
Ақжайық өңірі бойынша ортақ құдайы ас (садақа) мәзірі бекітілді. Соған сәйкес садақа дастарханына бауырсақ, жеті нан, тары, талқан (жарма), қаймақ, сары май сынды ұлттық тағамдарымызды және одан бөлек нан, құрма, қант, кәмпит, печенье, мейіз, өрік, шай, су және ыссы тамақ есебінде ет (немесе күріш) қою ұсынылды.
Дөңгелек үстел соңында облыстық орталық мешітінің бас имамы Мұратбек қажы Мұхтарханұлы мен Ғұмар қажы Құрақов БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұрлан Саматұлы
18.09.2019
3739
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру