Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШЫМКЕНТ: «Діни, рухани кеңес беру бөлмесі» ашылды (ФОТО)

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 16.09.2019 3063 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрт бағыт бойынша жұмыстарының бірі – уағыз-насихат. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру – басты міндет.

Осы тұста, уағыз-насихат жұмыстарының бір тармағы ретінде ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімі тарапынан берілген неке және отбасы, талақ, т.б. пәтуаларды халыққа насихаттап, жеткізу үшін Шымкент қаласы бойынша өкілдігінен  «Діни, рухани кеңес беру бөлмесі» ашылды.

Айта кету керек,  жыл басынан бері 8 айдың есебі бойынша 87 отбасы ақыл-кеңес сұрап келген болатын. Солардың 77 отбасы татуласып, берекелі өмір сүріп келеді. Аталмыш жобаның жауапты мамандары – белгілі ұстаз әрі орталық мешіттің наиб имамдары Жансейіт қажы Қалменов, Қайрат Ерғазиев.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру