Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдар Нұр-Мүбарак университетімен танысты

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі     16.09.2019 3323 0 пікір

Алматыдағы Республикалық  имамдардың білімін жетілдіру ислам институтында білім алушы еліміздің түкпір-түкпірінен келген имамдар Нұр-Мүбарак университетіне арнайы зиярат жасады. Оларды қарсы алған университет өкілдері еліміздегі жалғыз ислами оқу ордасының тыныс-тіршілігімін таныстырды.

Оқу-әдістемелік басқармасының бастығы Жалғас Сандыбаев:

Қазақстанда ғана емес, Орта Азия, ТМД-да баламасы жоқ ислами жоғары білім ордасына хош келдіңіздер. Бізде үш сатылы деңгейде, яғни бакалавриат, магистратура, докторантура бойынша тек елімізден ғана емес, алыс-жақын шетелдерден де келіп білім алуда. Университет басшылығы болашақ имамдардың тек дінмен шектелмей, жан-жақты білікті тұлға болып қалыптасуы үшін бүкіл жағдайларды жасауда,-деп оқу бағдарламасы жайлы да таныстырып өтті.

Ал университеттің Тәрбие істері және әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі Мақсат Байзақ имамдарға оқу кешенін аралатып, таныстырып, кітапхана, асхана, жатақхана, мешіт, оқу ғимараттары барлығын студенттерге жасалған мүмкіндіктермен толықтай таныстырды. Имамдар да университет ұжымына ризашылықтарын білдіріп, ата дінімізді үйренуде заманауи мүмкіндіктердің молайғанына, мемлекет басшыларына алғыстарын айтып қана қоймай, қазіргі жастарға қызығушылықпен қарайтынын да жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру