Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Наиб имам прокурорлармен кездесті (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 24.08.2019 2527 0 пікір

Жергілікті ақпараттық насихаттық топтың (ЖАНТ) кездесулері аясында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Қанат Дауылбаев Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасының қызметкерлерімен кездесіп, сыбайлас жемқорлықа қарсы насихат айтты.

Құқық қорғаушылар алдында сөз сөйлеген наиб имам сыбайлас жемқорлық қоғамның ауыр індеті екендігін айта келе, исламнан жемқорлықты айыптаған мысалдар келтірді. «Исламда жемқорлықты барынша аластауға шақырған. Бұл жөнінде нақты мысалдар бар. Қазіргі таңда діни қызметкерлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат, уағыз айтып, бұл бағыттағы шараларға өз үлестерін қосуда» деп атап өтті.

Сонымен қатар наиб имам өкілдік тарапынан осы салада құқық қорғау орындарымен бірқатар бірлескен шаралар ұйымдастырып отырғандығын жеткізді.

Прокуратура басшысы өзара ынтымақтастық аясындағы іс-шаралар үшін өкілдікке ризашылық білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру