Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

"Сүндетке отыр, балақай" науқанында облыс бойынша 163 бала мұсылмандық шартын орындады

Ақерке БЕКҚҰЛОВА, "Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі 22.08.2019 3174 0 пікір
"Сүндетке отыр, балақай" науқанында облыс бойынша 163 бала мұсылмандық шартын орындады

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып ұйымдастырған ашық есік аясында "Сүндетке отыр, балақай" науқанын жүргізді. 

Облыс көлемінде алғаш жүргізіліп отырған іс-шара республика бойынша да өзіндік ерекшелікке ие болды. "Һибатулла Тарази" мешітінде атқарылған жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, аталған мешіттің бас имамы Қанат Жұмағұл және Денсаулық сақау басқармасының өкілдері, БАҚ өкілдері мен баласын сүндеттеуге ниетті ата-аналар қатысты. 

Шара барысында өкіл имам сүндетке отырудың Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)  сүннеті екенін тілге тиек етіп, бұл амалдың ежелден келе жатқанын, оның медицина тұрғысынан да үлкен пайдасы бар екені дәлелденгенін атап өтті. 

Медресенің медициналық бөлмесінде 2 тәжірибелі хирург маман мен 6 көмекші маман Тараз қаласы бойынша 84 баланы сүндеттеді. Ал Шу ауданы бойынша 32 бала, Талас ауданында 5 бала, Байзақ - 30 бала, Жамбыл ауданында 12 бала дәстүріміз бен шариғат талаптарын орындады. Жалпы Жамбыл облысы бойынша 163 бала сүндетке отырғызылды. 

Айта кету керек, бұл науқанға көбіне 3-7 жас аралығындағы бүлдіршіндер қатыстырылды. Сонымен қатар шарада тегін қызмет көрсетілді. Ал негізінен ауруханада бұл ем-шара ақылы болып табылады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру