Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Наиб имам полициялармен жүздесті (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 21.08.2019 2761 0 пікір

Шығыс Қазақстан облысы Алтай аудандық «Ақтан» мешітінің наиб имамы Серікқали Кәкенов Алтай қаласындағы полиция бөлімінде кездесу жасап, полицияларға тағылымды насихат айтты.

Наиб имам өз сөзінде діни экстремизммен лаңкестікке қарсы іс-қимыл саласында идеологиялық шараларды ұйымдастырудың маңызды екендігін жеткізе келе, «Асыл дініміз ислам-бейбітшіліктің діні. Қазіргі таңда діни қызметкерлер кері діни ағымдарға барынша тосқауыл қою, алдын алу бағытында шаралар жасауда» деп атап өтті.

Жиын барысында наиб имам сақшылардан қойылған сұрақтарға нақты мысалдармен жауап берді.

Басқосу соңынан наиб имам тәртіппен реттілікті қамтамасыз етіп жүрген қызметкерлерге амандық, елімізге бейбітшілік тілеп, дұға жасады.

Тағылымдық және танымдық әңгімесі үшін полиция бөлімінің бастығы наиб имамға шынайы алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру