Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Орал қаласында «Сәкеннің діни ұстанымы» атты рухани шара өтті

 БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі 13.08.2019 2719 0 пікір
Орал қаласында «Сәкеннің діни ұстанымы» атты рухани шара өтті

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Орал қаласында «Сәкен Ғұмаров» музей-үйінде «Сәкеннің діни ұстанымы» атты рухани шара болып өтті.

Мұсылмандардың ұлық мерекесі «Құрбан» айтқа орай атақты суретші, журналист, ақын Сәкен Ғұмаровтың діни ұстанымын насихаттау, оның суреттері арқылы жастарды парасаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

Әлемге танымал суретші, ақын, журналист Сәкен Ғұмаров үлкен жүректі, аса ойшыл суретші, сонымен қатар Кеңестік дәуірде шығармашылық ортада сурет салумен қатар діни жолдан таймай, Құранды әр уақытта оқып, көне қазақы ұғыммен еншілес араб, парсы төркіндес, кірме сөздерді пайдаланып әр суретіне қолтаңба қалдырып отырған.

Көрмеге суретші Сәкен Ғұмаровтың өзі тұтынған Құран кітабы мен таспихы, суретшінің пәлсапалық ойға толы жылы «Зипа, нәркес, назиқа және құшнұр» атты шығармасы да қойылды. Сонымен бірге көрмемізде музей қорындағы діни тақырыптағы көне кітаптар да қойылған.

Рухани шарада Орал орталық мешітінің наиб имамы Марат Асанов, жазушы, журналист Мұнайдар Баймолда Сәкен туралы құнды әңгімелер айтылды. 

Облыстық «Ақжайық» телеарнасына наиб имам Марат Асанов, музей меңгерушісі Жанболат Жүсіпұлы сұхбат берді.

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру