Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Таразда Құрбан айт мерекесіне орай брифинг өтті

asyldin.kz 08.08.2019 3272 0 пікір
Таразда Құрбан айт мерекесіне орай брифинг өтті

Бүгін Құрбан айт мерекесінің қарсаңында атаулы мейрамға арналған баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға «Ақ жол», «Жамбыл-Тараз», «Арай», «Ғұмыр дария», «Знамия Труда» газеттері мен «Jambyl», «77» арналарының тілшілері қатысты.

Брифинг барысында ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл 11-тамызда сағат 7:00-да айт намазын оқумен бастау алатын қасиетті Құрбан айт мерекесінің мән-маңызы турасында журналистерге мол мағлұмат берді. Сонымен қатар, ұлттық нақышта сипат алған мерекеге қала мешіттерінде үлкен дайындық жасалып, бірқатар игі шаралар мен акциялар қолға алынғанын айтты. 

Сондай-ақ, өкіл имам: "Құрбан айт күндері жыл сайын жылжып келе жатқандықтан жыл басында туылған қозылар яғни 6 айға толмаған тоқтылар құрбан малы болуға жарамсыз. Ал осы 6 айға толмаған тоқтыны құрбандыққа шалуды ниет етіп отырған адамдар болса, оны сатып орнына қой алуы керек. Құрбандық үшін сатып алатын малдың жасы да дәл осындай болмау тиіс" - деп түсіндіріп өтті.

Жамбыл облысы бойынша мереке күндері өңір бойынша құрбан шалатын орындар дайындалуда. Аталмыш орындар арнайы бақылауға алынып, оның тазалығы мен барлық жағдайы шариғат талабы мен ережесіне сай орындалатын болады. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру