Павлодар облыстық «Ертіс медиа» орталығында өңірлік баспасөз өкілдерінің қатысуымен болған баспасөз мәслихатын ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имам Жолдас Қоспақұлы өткізді. Бас имам Құрбан айт мейрамында өкілдік тарапынан атқаратын шараларға тоқталды.
Биыл 11 тамыз күні сағат таңғы 07.00-де облыс көлеміндегі барлық мешіттерде Айт намазы оқылады. Айт намазынан кейін құрбандық шала бастаймыз. Құрбандық шаламын деушілерге жылдағыдай қала шетіндегі «Құлагер» атшабары маңынан арнайы орын бөлінген. Ол жерге қоқыс жәшігі қойылып, таза су жеткізіліп, барлық қажетті жағдайлар жасалмақ. Онда мал сою және сату қызметтері ұсынылады. Құрбан айт мерекесінде үш күн бойы құрбандыққа шалынған малдың еті жиналып, үшінші күні жағдайы төмен отбасыларға таратып беруді көздеп отырмыз.
Осы күні сағат 14.00-18.00 аралығында мүбарак Құрбан Айт мерекесі құрметіне арналып қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы саябағында қаладағы мешіттердің бірлесіп ұйымдастыруымен «Құрбан Айт-құтты мереке» атты рухани-мәдени шара ұйымдастырылады.
Баспасөз маслихатынан соң өкіл имам ресми тілдегі БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
07.08.2019
2883
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру