«Қызылжар» орталық мешітінде Құрбан айтқа дайындық жұмыстарын пысықтау және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен түскен сұрақтарға жауап беру мақсатында брифинг өтті.
ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкілі, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай Байкемелұлы Құрбан айт мейрамының мән-мақсатын түсіндіріп, малдың қай түрлері және қалай шалыну керек, айт күні құрбан шалудан басқа жасалатын амалдар сыны сұрақтарға жауап берді.
Өкіл имам құрбандық шалынатын жердің тазалығы мен тәртібіне ерекше мән беріп, ысрапшылдыққа жол бермеуді жауапты имамдарға тапсырды. Келесі кезекте айт күні өткізілетін іс-шаралар нақтыланып, имамдардың ұсыныс-пікірлері талқыланды.
Жылдағы дәстүр бойынша «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырып, мұқтаж отбасыларға барынша көмек көрсетіледі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
СҚО өкілдігінің баспасөз қызметі
06.08.2019
2621
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру