Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодарлық қасапшыларға семинар өткізілді

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ 17.07.2019 2391 0 пікір
Павлодарлық қасапшыларға семинар өткізілді

Павлодар орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде “Қасапшылық сауапты һәм жауапты іс” атты оқу-семинары өтті. Семинарда өкіл имам Жолдас Қоспақұлы  ҚМДБ  “Халал даму” ЖШС-нің Павлодар облысындағы өкілі Какенов Қазыбек және Темірғалиев Серіктер  қала, аудан, ауыл  мешіттерінен арнайы жіберілген 30 қасапшыға сабақ үйретті.

Дәріс алдында өкіл имам Жолдас Қоспақұлы қасапшылықтың үлкен жауапты іс екенін түсіндіріп, насихатын айтты. Ал Какенов Қазыбек өз кезегінде малды адалдаудың шариғат жолымен жасалынатын тәртіптерін түсіндіріп, қасапшылардың сұрақтарына кеңінен жауап берді. 

Семинарда арнайы бейнероликтерді де пайдаланды.

«Жалпы Павлодар облысы бойынша бұдан бұрын осындай семинардан 30 адам өтіп арнайы сертификат алған болатын. Осы жолы да 30 адам оқыту-семинарға толық қатысып білім алды. Алда облыс бойынша 300-ден астам адамға малды халал адалдандыру бағытында білім беріп дайындау біздің мақсатымыз, сондықтан аталмыш семинарды 2 аптада бір рет жүргізіп тұруды мақсат етудеміз»,-дейді Темірғалиев Серік.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру