Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес отырысы өтті

kazislam.kz 09.07.2019 2680 0 пікір
Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес отырысы өтті

Алматы облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Алматы облысы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес отырысы өтті, деп жазады Дін істері басқармасының ресми сайты.

Отырыс жұмысына облыстық департамент, басқарма басшылары, аудандар, қалалар әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Жиын барысында діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің дін саласына байланысты ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысы мен діни ахуал туралы Ескелді аудан әкімінің орынбасары Қайырғали Айтжанұлы және Кеген ауданы әкімінің орынбасары Кеңес Күнесбайұлы есеп берді.

Сонымен қатар, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысының орынбасары Б.Джақсыбаева діни экстремистік және террористік әрекеттері үшін түзеу мекемелерінен Деструктивті діни ағымға шалдыққан адамдарға әлеуметтік көмек пен қоғамға қайта бейімдеу шараларын ұйымдастыру бойынша ақпарат берді.

Талдықорған благочиналық округінің жетекшісі, Иеромонах Клавдиан Поляков Сергей Викторович православ шіркеулерінің рухани қызметі жайлы баяндама оқыды.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру